USD
USD
USD

Алматыда 12 қаңтарда барлық автобус маршруттары іске қосылады

 12 қаңтардан бастап Алматыда барлық маршрут, оның ішінде қала маңы маршруттары да жолға шығады. 

Алматыда 12 қаңтарда барлық автобус маршруттары іске қосылады
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Төтенше жағдайға байланысты жұмыс кестесі қалалық маршруттар үшін таңғы сағат 08:00-ден кешкі сағат 20:00-ге дейін, ал қала маңы маршруттары таңғы сағат 09:00-ден кешкі сағат 18:00-ге дейін жұмыс істейді. Жұмыс демалыс күндердің кестесімен жүргізілетіндіктен, жүріс интервалы 30-40 минут.

Бүгін қала көшелеріне 41 бағыт бойынша 500-ден астам автобус шықты. Мына автобус бағдарлары жолаушы тасымалдап жатыр: 34, 118, 38, 38а, 205, 206, 16, 11, 128, 141, 65, 56, 63, 63а, 77, 79, 92, 2, 12, 55, 32, 5, 5а, 86, 59, 44, 119, 4, 95, 8, 98, 18, 19, 99, 7, 57, 112, 126, 60, 22, 62. Бүгін қоғамдық көлік 20-30 минутта бір жүреді.

Қазір оқып жатыр

100 млн теңге пара алғаны үшін бұрынғы шенеунік сотталды

Парақор шенеунік

Маңғыстаудағы сарбаздар қазасы бойынша 300-ден астам адамнан жауап алынды – Бас прокуратура

Әскерилер өлімі

Қостанайда қарт кісіні өлтірді деген күдікпен жасөспірім ұсталды

Күдікті пен полицей

Китана «Бүркіт» арнайы жасағына қабылданған алғашқы жауынгер қыз атанды

Китана – Қымбат