USD
USD
USD

Алматыда 12,5 мың жұмыс орнын қамтитын 125 жоба іске қосылады

Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев жұмыс сапары барысында қоғамдық кеңістікті абаттандыру және көгалдандыру жөніндегі жобалармен танысты.

Алматыда 12,5 мың жұмыс орнын қамтитын 125 жоба іске қосылады
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Жобалар «Жұмыспен қамтудың жол картасы» бағдарламасы аясында жүзеге асырылады. Б.Сағынтаев Instagram-дағы өз аккаунтында жазғанындай, қоғамдық кеңістікті абаттандыру және көгалдандыру бойынша жобаларды іске асыру кезінде «Жаңа Алматы» шағынауданы басты назарда болады.

 «Бір ғана Алатау ауданында бірден 20 жоба жоспарланған. Оның ішінде «Қарасу» шағынауданында рекреациялық аймақ құрылысы, «Шапағат» және «Зерделі» шағынаудандарындағы скверлерді жөндеу жұмыстары бар. Мұндай жұмыстар басқа аудандарда да жүргізілетін болады», - деп жазды Б. Сағынтаев.

Шаһар басшысының айтуынша, қала тұрғындарының уақыттарын қолайлы өткізу үшін жаяу жүргіншілер аймағын және көппәтерлі тұрғын үйлерге іргелес аумақтарды абаттандыру, балалар алаңдары мен ауладағы спорт алаңдарын салу, арық жүйесі мен жарықтандыруды жөндеу жұмыстары қарастырылған.

 «Орындықтар, жарық көздері (фонарлар) секілді безендіру элементтері ыңғайлы әрі қала тұрғындарына ұзақ уақыт қызмет етуі үшін жоғары сапалы материалдарды пайдалануды қамтамасыз ету керек. Сондай-ақ, бұл жабдықтар қазіргі және жаңадан құрылған қалалық кеңістіктердің сәулеттік келбетіне сәйкес болуы тиіс», – деп атап өтті Б. Сағынтаев.

«Елді-мекендерді абаттандыру» бағыты бойынша 12,5 мың жұмыс орнын қамтитын 125 жоба іске асырылатын болады. Жалпы, ағымдағы жылы ЖҚЖК аясында 214 жоба бойынша 26 мың адам жұмысқа орналасады.

 

 

 

Қазір оқып жатыр

Біріккен Араб Әмірліктері ОПЕК-тен шығу туралы шешім қабылдады

Мұнай

Үйқамақта болуы тиіс Олеся Кексель Алматы әуежайында не істеп жүр?

.

Жамбыл облысында экс-депутаттың партиядан шығарылуына қатысты іс қайта қаралады

Дамир Ташкараев

АМӨЗ-дегі экологиялық жанжал және Атырау тұрғындарының денсаулығы: деректер не дейді?

.