USD
USD
USD

Алматыда 1116 ғимарат тектоникалық жарықта орналасқан

Алматы 10 балдық жер сілкінісі болуы ықтимал сейсмикалық қауіпті аймақта орналасқан. Бұл туралы мәслихаттың кезектен тыс II сессиясында қала әкімінің орынбасары Асқар Әмрин айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Алматыда 1116 ғимарат тектоникалық жарықта орналасқан
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Спикердің сөзінше, Алматыда жылына 300-ге жуық жерасты дүмпулері болады. Жыл басынан бері 44 жер сілкінісі тіркелді. Оның үшеуі қала тұрғындарына сезілді. Мегаполисте 1116 ғимарат тектоникалық жарықта орналасқан. Оның 754-і сейсмикалық төзімді, 362- сі сейсмикалық төзімді емес.

Айтуынша, тектоникалық процестердің белсенділігі ғимараттардың жер сілкінісіне төзімділік нормаларына әсер етеді.

«Осыған байланысты 15 мың азаматтық және қоғамдық ғимараттарды, 1600-ден астам көпқабатты тұрғын үйлерді паспорттауға жергілікті бюджеттен 2 млрд теңге бөлу жоспарланып отыр», - деді Асқар Әмрин Алматы қаласы мәслихатының кезектен тыс VIII шақырылымының екінші сессиясында.

Қазір оқып жатыр

Face ID жүйесіне қарсы шыққандарды полиция алып кеткен: басқарма не дейді?

Face ID

Тоқаевтың кітабы әлеуметтік желілерде қызу талқы тудырды: қазақстандықтар не дейді?

Кітап

Жетісу облысында оқушы қызды экскаватор қағып кетті

Эксковатор дөңгелегі

«Қолында суық қару болды»: Қостанайда футболшыға шабуыл жасалды

Пап-Алиун Ндиайе