Алматыда 10 нысанға бес миллион теңге айыппұл салынды
Алматы қаласы Тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті соңғы аптада 10 нысанда карантин режимінің бұзылғанын анықтады. Салынған айыппұлдардың сомасы – бес миллион теңге. Бір іс әкімшілік сотта қаралып жатыр.
Алматы, NEGE. Департамент мәліметінше, 17 тамыздан бастап шағын және орта бизнеске эпидемиологиялық талаптардың сақталуына тоғыз мыңнан аса тексеру жүргізілді.
«Санитар инспекторлар 3801 әкімшілік құқықбұзушылық туралы хаттама толтырды. Маска режимін бұзғаны үшін 2 693 жеке тұлғаға айыппұл салынды. 1635 ШОБ субъектісі өз бетінше жұмысын тоқтатты. 19 материал сотқа жіберілді», – деді департаменттегілер. Негізгі ережебұзушылықтар – маска режимін сақтамау, жұмыс режимін бұзу, дезқұралдардың болмауы, сондай-ақ бұқаралық іс-шараларды ұйымдастыру.
«18 қыркүйекте Жетісу ауданы Жангелдин көшесі, 193 мекенжайындағы «Данияр» мейрамханасында ұзату тойды заңсыз өткізу туралы ақпарат келіп түсті. Банкетке 50 адам келген. Жеке кәсіпкерлерге қатысты халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама толтырылды. Мейрамханаға 230 АЕК көлемінде айыппұл салынды.
Сонымен қатар, 20 қыркүйекте түнгі уақытта Медеу ауданындағы жеке үйде құдалық өткізгендер туралы ақпарат келіп түсті. Іс-шараны ұйымдастырушыларға қатысты екі әкімшілік хаттама толтырылды. Сондай-ақ, Әуезов ауданында «Мята» кафетерийінде көп адам жиналғаны анықталды. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 425-бабының 1-тармағы бойынша 230 АЕК көлемінде айыппұл салынды», – деді департаменттегілер.
Қазір оқып жатыр
«Жасанды тыныс алу аппараты болмаған»: Қарағандыда бүлдіршіннің өліміне қатысты тексеріс жүргізіледі
Алматының Әл-Фараби даңғылында жарыс ұйымдастырған жүргізушілер жауапқа тартылды
Астанада Умраға жоқ жолдаманы сатып, 17 қажыны алдаған алаяқ сотталды
Астанадағы өрт салдарынан қаза тапқан 3 баланың анасы есін жиды