USD
USD
USD

Алматыда 106 жүк көлікке айыппұл салынды

Алматыда «Автокөлік» жедел-алдын алу шарасы жүріп жатыр. 

Алматыда 106 жүк көлікке айыппұл салынды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Рейд барысында қаланың орталық бөлігінде лас жүк көлігі тоқтатылып, жүргізушілері жауапқа тартылды.

Бұл туралы Алматы қалалық Полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлім етті.

«Бұл ретте айта кету керек, көбінесе лас көліктер құрылыс нысандарында қолданылады. Құрылыс алаңынан шығып, жол бойында кетіп бара жатқан ауыр жүк көлігінің жүргізушілері өз көлігін таза сұтауға міндетті. Іс жүзінде, тәжірибе көрсеткендей, бұл тәртіп барлық жерде сақталмайды. Көрсетілген алдын алу іс-шарасы осындай фактілерді анықтауға бағытталған», - деді Медеу аудандық ПБ бастығының міндетін атқарушы, полиция майоры Елнұр Құдретбаев.

Спикердің сөзінше, тексеріс кезінде 106 лас жүк көлік жүргізушісі әкімшілік жауапқа тартылды.

Атап айтар болсақ, ҚР ӘҚбК-нің 602-бабының талаптарын бұзғаны үшін - 15 факті, ҚР ӘҚбК-нің 630-бабы 1-бөлігі - 28 факті, ҚР ӘҚбК-нің 334-бабы 1 -бөлігі - 20 факті, ҚР ӘҚбК-нің 601-бабы 1-бөлігі - 6 факті, ҚР ӘҚбК-нің 620-бабы 1-бөлігі - 15 факті және және тағы басқа да ереже бұзу анықталды.

Қазір оқып жатыр

Байқоңырда 40 жастағы әйел бес баласына қатыгездік көрсетіп келген деген күдікке ілінді

сот

Теміртауда 20 жастағы жігіт ата-анасын өлтірді деген күдікпен ұсталды

Полиция көлігі

11 мыңға жуық лифтіні екі-ақ адам бақылайды: министрлік тұрғын үй саласындағы проблеманы атады

Пәтер

Ұлттық қордан өңірлерге 1,5 трлн теңге бөлінеді: қаражат қайда жұмсалмақ?

primeminister.kz