USD
USD
USD

Алматыда 101 шетел азаматы елден шығарылды

Алматыда 101 шетелдік азамат Қазақстан Республикасынан шығарылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Алматыда 101 шетел азаматы елден шығарылды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Жергілікті профилактикалық іс-шаралар барысында қаладағы көші-қон қызметі мен жергілікті полиция қызметінің қызметкерлері 305 шетелдікті анықтап, әкімшілік жауапкершілікке тартты.

Анықталғандардың көбі – Өзбекстан мен Африка құрлығы елдерінің азаматтары.

– ПД-ның қабылдап-тарату ғимаратына жеке басын куәландыратын құжаты жоқ 106 шетел азаматы орналастырылды. Сот қаулысымен 101 шетелдік Қазақстан Республикасынан шығарылды. Тиісті шара қолданбағаны үшін 115 қабылдаушы тарап ҚР ӘҚБтК-нің 518-бабы бойынша жауапкершілікке тартылды: 97 жеке тұлға, 18 заңды тұлға. Төрт компанияға қатысты “Халықтың көші-қоны туралы” ҚР Заңына сәйкес алдағы уақытта шетелдіктерді шақырудан бас тартылады, – деді Алматы қалалық ПД көші-қон қызметі басқармасының бастығы Асхат Бутунчинов.

Қазір оқып жатыр

Қостанайда 5 жасар баланы өлтірді деген күдікпен ер адам ұсталды

Бала

Қайрат Сатыбалдының мемлекетке сыйға тартқан қонақүйі үш есе арзанға сатылды

DoubleTree by Hilton

Ресейлік сарапшылар мен дипломаттар Тоқаевтың Жолдауын талқылады

.

Ақтөбе облысында тоғыз күн ішінде «Қазхромның» екінші жұмысшысы қаза тапты

ТЖ