USD
USD
USD

Алматыда жұмбақ жағдайда қаза тапқан бапкердің өліміне қатысты іс қозғалды

Ішкі істер министрлігі Алматыда жұмбақ жағдайда қаза тапқан бапкердің өліміне қатысты пікір білдірді.

Алматы полиция
Фото: видео-скрин

Алматы, NEGE. Аламатыға Батыс Қазақстан облысынан жарысқа келген бокс бапкері Жандос Қуаныш жұмбақ жағдайда көз жұмған еді.

Nege.kz қайғылы жағдайға қатысты құзырлы органға бірнеше сауал жолдаған болатын.

1. Іс бойынша қандай мән-жайлар белгілі?

2. Не себепті полиция қызметкерлері Қуаныш Жандос Жанасылұлын наркологиялық орталыққа алып барды? Оның ішімдік ішкенін қалай анықтаған (ішімдіктің иісі шығып тұрды ма)?

3. Наркологиялық орталық экспертиза жасаған ба? Оның алкоголь ішкені дәлелденген бе?

4. Аталмыш жағдайға қатысты қылмыстық іс қозғалды ма?

«Алматы облысы Іле ауданының Полиция басқармасы аталмыш факті бойынша ҚК 001-бабымен (адам өлімі) сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүргізіп жатыр», – деп қысқаша хабарлады ІІМ баспасөз қызметі редакциямызға берген ресми жауабында.

Тергеу жалғасуда. 

Жандос Қуаныштың анасы Жанаргүл Махмұтқызының айтуынша, 2 қараша күні ұлы шәкіртімен бірге Алматыға бокстан өтетін жарысқа келген. Сол күні олар Сейфуллин даңғылы бойындағы мейрамханаға тамақтануға кірген. Тамақ ішіп болған соң Жандостың жағдайы кенеттен нашарлап, жүрегі айнып, есінен танып қалған. Мұндай жағдайда мейрамхана қызметкерлері жедел жәрдем шақыруы керек еді. Алайда олар дәрігерлерді емес, полиция қызметкерлерін шақырған. Келген полиция қызметкерлері де жедел жәрдем шақырмай, ауыр халде жатқан жаттықтырушыны Мақатаев көшесінде орналасқан наркологиялық орталыққа алып кеткен. Жандос Қуаныш сегіз күн комада жатып, көз жұмды. Оқиғаның мән-жайын және күмән тудырған жайттарды марқұмның анасы редакциямызға айтып берді.

Қазір оқып жатыр

Дипфейк: Шындық пен жалғанды қалай ажыратуға болады?

Дипфейк

Санкциядан қалған яхталар. Ресейлік табы бар түрік капиталы Қазақстанға қалай қиындық тудыруы мүмкін?

 Alfa Nero

Астаналық оқушы Harvard University-ге оқуға түсті

 Бөрте Сайранбекқызы

Ресейде жаппай төбелестен кейін ұсталған қазақстандықтар ісі СІМ бақылауына алынды

ресей