USD
USD
USD

Алматыда жұма намазы кезінде жолды жапқан адамдар жауапқа тартылды

Алматы жұма намазы кезінде жолды жапқаны үшін 30 адам әкімшілік жауапкершіліке тартылды. Бұл туралы ҚазТАГ хабарлады.

мешіт
Фото: видеодан скриншот

Алматы, NEGE. "Құқық бұзушыларға қатысты келесі шаралар қабылданды: Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 614-бабын (Көлік қозғалысына кедергі келтіру) бұзғаны үшін 30-дан аса адам әкімшілік жауапқа тартылды", - делінген полиция хабарламасында.

Еске салайық, Алматыда бір топ адам жұма намазын оқу үшін жолды жауып тастаған еді. Кейін полиция аталған дерекке қатысты тексеріс бастады.

Көп ұзамай Қазақстан мұсылмандар діни басқармасы намаз оқу үшін жолды жабуға болмайтынын мәлімдеді. 

“Құрметті жұма намазына келуші жамағат! Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) жеті жерде намаз оқуға тиым салған. Олар: қоқыс жиналған жерде, мал соятын орында, қабір басында, жолдың үстінде, моншада, мал суарылатын орында және қағбаның үстінде. Жол үстінде намаз оқуға тыйым салуының басты себебі – жол қозғалысына кедергі келтірмеу. Ол көшемен жедел жәрдем көлігі, өрт сөндіру көлігі немесе жұмысына асыққан адам жүретіні белгілі. Сондықтан 5 минутқа көшені жауып намаз оқу қаншама ұзын-сонар көше көптелісін туындатады”, – деп жазды Ағабек Қонарбайұлы.

Қазір оқып жатыр

Шымкентте TikTok арқылы жүргізуші куәлігін саудалаған ер адам қамауға алынды

Күдікті

Air Astana басшылығына төленетін төлемдер шамамен 6 млрд теңгеге дейін ұлғайған

AirAstana

Зейнетақының 20 пайызын ұстап қалатыны рас па?

Зейнетақы

Алматыдағы жол апаты: қала әкімі бір аптадан кейін көңіл айтып, полицияға тапсырма берді

Сатыбалды