USD
USD
USD

Алматыда ЖОО студенттерін алдап келген жігіт ұсталды

Алматыда ЖОО студенттерін алдап келген жігіт құрықталды, деп хабарлайды Polisia.kz.

Полиция
Фото: Полиция

Алматы, NEGE. М.есімді азамат бірқатар алаяқтық жасады деген күдікке ілінді.

– Жас жігіт Алматыдағы жоғары оқу орындарының бірінің ақылы бөлімінің студенттеріне 2 млн теңге сыйақы төлеп, бюджеттік бөлімге ауыстыруды ұсынған. Тергеудің қазіргі кезеңінде күдіктінің осыған ұқсас төрт қылмысқа қатысы бары анықталды. Зардап шеккендер бұдан да көп болуы мүмкін, сондықтан осыған ұқсас алаяқтықтың құрбаны болған азаматтарды мына телефондар арқылы хабарласуға шақырамыз: 8-701-233-47-90; 8-747-700-00-72 және 8-778-677-67-65, – деді Бостандық аудандық полиция басқармасының бастығы Мақсат Қанапяев.

Қазақстан ҚР ҚК-нің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат тергеу мүддесіне орай жария етілмейді. ҚР Конституциясының 77-бабы 3-бөлімі 1-тармағы, ҚР ҚК-нің 19-бабы 1-тармағына сай кез келген азамат сот шешімі заңды күшіне енгенге дейін кінәсіз деп саналады.

Қазір оқып жатыр

Мусин, Тукиев, Жатқанбаева: Тоқаев Конституциялық сот судьясы етіп кімдерді тағайындады?

Конституциялық сот судьялары

Әскери кемелер жасайтын «Зенит» зауыты сатылымға қойылды

Зенит

Оңтүстік Кореяның экс-бірінші ханымының жазасы қысқарды

Ким Гон Хи

«Ар-намысымды қорғаймын»: Перуашев өзіне қатысты айыптауларға жауап берді

Ақ жол