USD
USD
USD

Алматыда жол ережесін елемеген шетелдік жүргізушіге 25 әкімшілік хаттама толтырылды

Алматыда полицейлер әлеуметтік желілерге жүргізілген мониторинг нәтижесінде қала аумағында жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзған азаматтық анықтады, деп хабарлайды Polisia.kz.

Полиция
Фото: Полиция

Алматы, NEGE. Алматы қалалық полиция департаменті жергілікті полиция қызметі басқармасының қызметкерлері ЖҚЕ бұзған жүргізушінің жеке басын анықтады. Ол – BMW автокөлігін мемлекеттік тіркеу нөмірінсіз басқарған 19 жастағы Қырғыз Республикасының азаматы болып шықты.

Жасалған құқық бұзушылықтар бойынша азаматқа қатысты ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің әртүрлі баптары бойынша барлығы 25 әкімшілік хаттама толтырылды.

Атап айтқанда:

– 590-баптың 10-бөлігі бойынша – 7 хаттама (Көлік құралын мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгісінсіз басқару);

– 230-баптың 2-бөлігі бойынша – 7 хаттама (Сақтандыру полисінің болмауы);

– 630-баптың 2-бөлігі бойынша – 6 хаттама (Жол төсемінің зақымдануы);

– 630-баптың 1/1-бөлігі бойынша – 1 хаттама (Құқық бұзушылықтың қайталануы);

– 601-баптың 1-бөлігі бойынша – 1 хаттама (Жол белгілерінің талаптарын бұзу);

– 601-баптың 2-бөлігі бойынша – 2 хаттама (Құқық бұзушылықтың қайталануы);

– 434-баптың 1-бөлігі бойынша – 1 хаттама (Ұсақ бұзақылық). Салынған айыппұлдың жалпы сомасы 1 миллион теңгеден асты.

— Қазақстан Республикасының аумағында жүрген әрбір азамат, азаматтығына қарамастан, еліміздің заңнамасын сақтауға міндетті. Жол қозғалысы қауіпсіздігі – бұл жеке таңдау емес, әрбір адамның азаматтық жауапкершілігі. Құқық бұзушылар жедел анықталып, жауапқа тартылатын болады. Бұл – жазасыздық болмайтынын көрсететін мысал. Алматы полициясы мұндай деректерді әлеуметтік желілердегі мониторинг арқылы анықтау жұмыстарын жалғастыра береді, — деді Алматы қалалық ПД жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы Серік Шумаев.

Қазір оқып жатыр

Болат Назарбаевтың портреті бар сағат 600 мың теңгеге сатылып жатыр

Болат Назарбаевтың портреті түсірілген сағат

Еуропалық алаяқтықпен күрес бюросы Қазақстаннан жеткізілетін өнімдерді тексеріп жатыр

өнімдер

Құрылтай депутаты Айсұлу Сүлейменова Азия рекордын жаңартты

Айсұлу Сүлейменова

Халықаралық арбитраж Қазақстанның Қашаған бойынша 12 млрд долларлық талабын қабылдамады

Қашаған