USD
USD
USD

Алматыда жол ережесін бұзған мопед жүргізушілері жауапқа тартылды

Әлеуметтік желіде жол ережесін өрескел бұзған мопед жүргізушілерінің видеосы тарады.  

мопед жүргізушілері
Фото: видео-скрин

Алматы, NEGE. Желідегі бейнероликтерден мопед тізгіндеген бір топ жүргізушісінің бағдаршамның қызыл түсіне өтіп кеткенін көруге болады. Тағы бір бейнежазбада мопед жүргізушілерінің тобы көлікпен кіруге тыйым салынған Арбат аймағында емін-еркін жүргені бейнеленген.

Алматы қалалық Полиция департаменті аталған ереже бұзушылардың анықталып, ұсталғанын мәлімдеді.

«Жүргізушілерге қатысты ҚР ӘҚбК-нің 615 және 620-баптары бойынша әкімшілік хаттамалар толтырылды. Мопедтер айыппұл тұрағына қойылды», – деп хабарлады полиция.

Сонымен қатар, құқық қорғау органдары мопед жүргізушілеріне 5 сәуірге дейін көлік құралдарын міндетті түрде тіркеуден өткізу қажеттігін ескертті.

Қазір оқып жатыр

Қаза тапқан полицейлердің әйелдеріне төлемді қайта есептейді: ІІМ қателігін мойындады

ІІМ

Шымкентте полицей отырған қызметтік көліктен есірткі табылды

Полиция көлігі

Санжар Боқаевтың ісі: видеограф кінәсін мойындап, куәлік етуге дайын екенін айтты

кісі өлімі

Маңғыстауда алаяқтық дерегі бойынша танымал блогер ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды

Салтанат Аманқосова