Алматыда жылыту маусымы ерте басталады
Алматыда ауа температурасының күрт төмендеуіне байланысты қала әкімі Дархан Сатыбалдының тапсырмасымен жылыту маусымын әдеттегіден ертерек бастау туралы шешім қабылданды.
Алматы, NEGE. 8 қазаннан бастап жылу ең алдымен балабақшаларға, мектептерге және медициналық мекемелерге беріледі.
Тұрғын үйлерді орталық жылу жүйесіне қосу 10 қазаннан басталады.
Жылу берілгеннен кейін ПИК пен МИБ мамандары үйдің ішкі жылыту жүйелерін ретке келтіреді: радиаторлар мен тікқұбырлардағы ауаны шығарып, қысымды реттейді және пәтерлердің біркелкі жылынуын қамтамасыз етеді.
«Алматы жылу жүйесі» компаниясы айналым режимді іске қосқан. Бұл қажет болған жағдайда барлық ауданға жылуды жедел беруге мүмкіндік береді.
Қысқы кезеңге дайындық толық аяқталған. 2025–2026 жылғы жылыту кезеңінде 16 апаттық және жөндеу бригадасы, барлығы 220 маман мен 56 техника бірлігі тәулік бойы кезекшілік атқарады.
Қазір оқып жатыр
Жетісу облысында психикалық бұзылыстары бар адамдар көлік жүргізіп келген
Атырау облысында хирург МӘМС аясында тегін жүргізілетін отаға ақы алып келген
Алматыда автобустың дөңгелегі шұңқырға түсіп кетіп, жолды жауып тастады
ҰБТ-да смартфон мен шпаргалка алып өтпек болған 522 талапкер тесттен шеттетілген