2026 жылғы 25 қыркүйек – Қазақстан Республикасындағы жалпыұлттық аза тұту күні 25 сентября 2026 года – День общенационального траура в Республике Казахстан
USD
USD
USD

Алматыда жыл басынан бері 20 мыңға жуық неке тіркелді

Жыл басынан бері неке саны бойынша Алматы көш бастап тұр. 19 778 жұп заңды некеге тұрды. Бұл туралы «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясынан мәлімдеді.

куәлік
Фото: zakon.kz

Алматы, NEGE. Қала бойынша аудандық АХАТ бөлімдерінде күніне 160 қа жуық жұп некесін қидырып заңдастырады. Некеге өтініш берген жұптардың орташа жасы ерлер үшін 27 жас, әйелдер үшін 25 жас.

– ҚР «Неке және отбасы туралы» Кодексінің 10-бабына сәйкес, неке жасы еркектер мен әйелдер үшін он сегіз жас болып белгіленген. Десе де заң ортақ бала болғанда немесе жүктілік кезінде бұл жасты төмендетуге мүмкіндік береді, – дейді Әуезов аудандық АХАТ бөлімінің басшысы Гүлзия Баимбетова.

Сондай-ақ, Алматыда ажырасуға өтініш бергендердің де саны азаймай отыр. Жыл басынан бері 4429 жұп некесін бұзған.

Әдетте АХАТ қызметкерлері ерлі-зайыптыларға ажыраспас бұрын 1 ай уақыт береді.

– Көбіне ажырасуға өтінішті жастар беріп жатады. Ондай кезде барынша некені сақтап қалуға тырысамыз, ойлануға уақыт береміз. Өтініш берген 10 жұптың, 3-4 жұбы қайтып келмейді. Ол да біздің жұмысымыздың жемісі деп есептейміз, – деп атап өтті АХАТ қызметкерлері.

Қазір оқып жатыр

Каспий теңізінде қаза болған үш сарбаздың денесі Оралға жеткізілді

Каспий теңізінде қаза болған сарбаздар

Маңғыстаудағы төтенше жағдай: Үкіметтік комиссия отырысында не айтылды?

Үкіметтік комиссия отырысы

Қаза болған әскери қызметшілерге көңіл айту жеделхаттары келіп жатыр

Сарбаздарды іздеуге шыққан кемелер

Каспийдегі оқу-жаттығудан кейін аман қалып, ауруханаға түскен сарбаздың жағдайы белгілі болды

Ақжол Темірәлиев