14 Қараша 15:10
...

Алматыда жер асты өткелдері адам жүрмейтін «үңгірге» айналып бара жатыр

Алматы
Фото: 2gis

ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде ҚР ІІМ Әкімшілік полиция комитеті төрағасының қатысуымен «Жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету» тақырыбында баспасөз конференциясы өтті. 

Қазір Алматыдағы ірі көшелердің қиылысындағы жер асты өткелдерінен жаяу жүргінші өтпейді. Себебі, жол үстіне жаяу адамдардың өтуіне арналған жолақ сызып қойған. Мысалы, Абай мен Достық даңғылдары қиылысында, тағы да бірнеше көше қиылысындағы жағдай осындай. Бұл, біріншіден, жаяу жүргіншілердің өміріне қауіп төндірсе, екіншіден, қиылыстарда кептеліс тудындатады, үшіншіден, жер асты өткелдері адам жүрмейтін «үңгірге» айналады.

Жер асты өткелі бар көше қиылыстарынан жаяу жүргінші жолағын алып тастауға болмай ма? 

Орталық коммуникациялар алаңында Әкімшілік полиция комитетінің бас маманы Ақтоты БОРАНОВА NEGE тілшісі жолдаған сауалға жауап берді. 

«Алматы – үлкен қала. Ірі мегаполис болғаннан кейін 2020 жылы «Жаяу жүргіншілерге арналған қала» деген бағдарлама іске асырылған болатын. Сол себепті, ыңғайлы жерлердің барлығына жаяу жүргіншілер өткелі орнатылған. Талдау жүргізу нәтижесінде және басқа да ұсыныстар болған жағдайда бұл мәселе қайта қаралатын болады. Атқарылған жұмыстардың барлығы жаяу жүргіншілердің қауіпсіздігіне бағытталған», – деп жауап берді Ақтоты Боранова.