USD
USD
USD

Алматыда жекеге заңсыз өткен теміржол ауруханасы мемлекетке қайтарылды

Алматы прокуратурасы қала орталығында орналасқан бұрынғы Теміржол апаттар медицинасы госпиталінің ғимараты мен жер учаскелерін мемлекет меншігіне қайтарды.

Теміржол апаттар медицинасы госпиталі
Фото: Алматы қаласының прокуратурасы

Астана, NEGE. Прокуратураның мәліметінше, 2018 жылы бірнеше мәміле жасалып, денсаулық сақтау нысаны мен оған тиесілі жер телімдері заңсыз түрде жеке меншікке өткен.

Сауықтыру мақсатында пайдаланылуға тиіс жер учаскелері жер және мемлекеттік мүлік туралы заң талаптарын бұза отырып берілген.

Сот барысында мәміле жасасқан тараптардың өзара байланысы бар екені және мемлекеттік мүліктің бәсекесіз ортада заңсыз иеліктен шығарылғаны дәлелденді.

Алмалы ауданы прокуратурасының талап-арызы бойынша сот мүлікті жеке меншікке беру туралы мәмілелерді жарамсыз деп таныды. Сот шешімі заңды күшіне енді, ал апелляциялық шағым қанағаттандырылмады.

Нәтижесінде жалпы аумағы 0,3 гектар болатын екі жер учаскесі мен ауданы 1628 шаршы метр ғимарат мемлекет меншігіне қайтарылды. Мүліктің жалпы құны 2 млрд теңгеден асады.

Бұған дейін Алматы прокуратурасы аталған нысанды атқарушылық іс жүргізу аясында электрондық саудаға шығару туралы шешімнің күшін жойған. Осылайша, мүлікке қатысты жаңа сот дауларының туындауына жол берілмеді.

Қазір оқып жатыр

«Самұрық-Қазына» «Қазақстан халқына» қорына 62,2 млрд теңге бөледі

«Самұрық-Қазына»

Ақтауда автогаз құю бекеттеріндегі кезек азайды

Ақтау

Қазақстандағы ақылы жол тарифі шетелмен салыстырғанда 15–40 есе төмен

Ақылы жолдар

Абылай Мырзахметов бостандыққа шықты

Абылай Мырзахметов