USD
USD
USD

Алматыда жеке тұрғын үйде жарылыс болды

Жарылыс 2 маусым күні сағат 13:55 шамасында Алматы қаласының Алатау ауданындағы Шапағат ықшамауданында болды.

Жарылыс
Фото: әлеуметтік желіден

Алматы, NEGE. Газ-ауа қоспасының жарылуы салдарынан үйдің бір бөлігі опырылып, ер адам қаза тапты.

1949 жылы туған ер адамның денесі үйінді астынан табылды. Өрт шықпаған, алайда ғимарат толықтай опырылып құлаған.

Оқиға орнында жедел штаб құрылып, Төтенше жағдайлар министрлігінің құтқарушылары, қалалық құтқару қызметі және Апаттар медицинасы орталығының мамандары жұмыс жүргізіп жатыр.

Қазіргі таңда жарылыстың себептері мен мән-жайларын тергеу тобы анықтап жатыр.

Қазір оқып жатыр

Қытайға тартылған мұнай құбырларындағы артық мұнай есептелмей, 3 млрд теңгеге жуық салық кем түскен

Мұнай құбыры

Қазақстанда электромобильдерге арналған жасыл түсті мемлекеттік нөмірлер бекітілді

Электромобиль

Сегіз ай күттірген жаңа пойыз: Stadler вагондары алғашқы рейсіне шықты

Stadler

«Министрдің жолы жіңішке» деген Саясат Нұрбек отставкаға кетуге дайын ба?

Саясат Нұрбек