USD
USD
USD

Алматыда жатақханаларды жекешелендіремін деп жалған уәде берген күдікті ұсталды

Алматыда жатақханаларды жекешелендіремін деп жалған уәде берген күдікті ұсталды,  деп хабарлайды Polisia.kz.

Полиция
Фото: Полиция

Алматы, NEGE. Азаматтардың сеніміне кіріп, күдікті алматылықтарға ақшалай сыйақы үшін жатақханаларын жекешелендіріп беруге уәде еткен. Ол жатақханадағы пәтерлерді сатып алып, заңдастыруды, қажет болған жағдайда қоғамдық қор арқылы несие алуды ұсынған.

Бірақ бұл «қызметтер» үшін алдымен ақы төлеу керек болды.

 – Алаяқтық дерегі бойынша қылмыстық іс тергеліп жатыр. Күдікті ұсталды және уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазір тергеушілер ұсталған азаматтың осыған ұқсас басқа да қылмысқа қатысы бар-жоғын тексеріп жатыр, – деді Алмалы аудандық полиция басқармасының бастығы Олжас Шәріпов.

Полиция қызметкерлері зардап шеккендердің көп болуы мүмкін екенін жоққа шығармайды. Осыған байланысты тәртіп сақшылары мына телефон нөмірлеріне хабарласуға шақырады: 8-702-646-43-46; 8-778-591-91-35 және 8-778-481-19-00.

Қазір оқып жатыр

Бірі өсті, бірі шегінді. Қазақстанның сегіз банкі НЕГЕ активінен айырылды?

bank

Шымкентте Василий Колесниковті қатыгездікпен өлтірген алты адамға үкім оқылды

сот үкімі

Әйелдер мен балаларды қорғайтын жобаға не кедергі: депутат екі министрлікке талап қойды

Лариса Ли

Қазақстанда құрылыс талаптарын бұзғандарды лицензиясынан айыруы мүмкін

Құрылыс компаниялары