USD
USD
USD

Алматыда жастардың төбелескен видеосы тарады: полиция түсінік берді

Алматыда жастар арасындағы төбелестің видеосы тарады.

Төбелес
Фото: ғаламтордан

Алматы, NEGE. Желіде бойжеткен мен жас жігіттің бір-біріне жұдырық сілтеп жатқан видеосы тарады.

Оқиға 12 сәуірге қараған түні Алматыдағы Арбатта болған. Әзірше бұған не себеп болғаны белгісіз.

Жігіттердің бірі қызды бірнеше рет, беті мен басынан ұрған, содан кейін оның достарының бірі оны шетке қарай әкеткен. Қыз басын ұстап, әрі қарай кетіп қалған. Өтіп бара жатқан адамдар оған көмектеспек болды.

Алматы полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, бұл оқиға бойынша Алмалы аудандық полиция бөлімі тергеу амалдарын жүргізіп жатыр.

"Мән-жайы анықталып жатыр. Кінәлі міндетті түрде ұсталып, жауапқа тартылады", - деп хабарлады ведомство.

Қазір оқып жатыр

Айсұлтан Сейітовті плагиат жасады деп айыптады: режиссер не дейді?

Айсұлтан Сейітов

Қазақстанда жеті микроқаржы ұйымына несие беруге тыйым салынды

лицензия

Исматулла Мақсұмға қатысты тергеу басталды

Исматулла Мақсұм

«11 адам шабуыл жасаған»: Қызылордада қаза тапқан жігіттің туыстары әділ тергеуді талап етті

Полиция