USD
USD
USD

Алматыда жасөспірім қыз есірткі таратты деген күдікпен ұсталды

Алматыда кәмелетке толмаған қыз есірткі таратты деген күдікпен ұсталды. Бұл туралы қалалық Полиция департаменті хабарлады.

.
Фото: Алматы ПД

Астана, NEGE. Медеу ауданында полиция қызметкерлері ішінде кәмелетке толмаған үш қыз отырған таксиді тоқтатқан. Жедел мәліметке сәйкес, олардың бірі есірткіні жасырын орындарға қалдыру арқылы таратумен айналысқан.

Күдіктіні тінту кезінде түрлі түсті оқшаулағыш таспамен оралған көптеген түйіншек тәркіленді. Олардың ішінен өсімдік тектес заттар мен алдын ала мәлімет бойынша кристалл түріндегі синтетикалық есірткі табылған.

Күдікті есірткіні жасырын орындарға қалдырып жүргенін мойындаған.

Қазір полиция жасөспірімді қылмыстық әрекетке кім тартқанын, есірткінің жеткізу арнасын және заңсыз схеманы ұйымдастырушыларды анықтап жатыр. Сондай-ақ қасында болған екі қыздың бұл әрекеттен хабардар болған-болмағаны және ықтимал қатысы тексеріледі.

Тергеу барысында күдіктінің мұндай қадамға баруына не себеп болғаны, ата-анасының бақылауы мен тәрбиесіне қатысты жағдайлар да зерделенеді.

Полиция ата-аналарды балаларының бос уақытын, интернеттегі байланысын және араласатын ортасын бақылауға шақырды.

Қазір оқып жатыр

Қазақстан бензин мен дизель отынын шетелге шығаруға тағы алты айға тыйым салды

Ресейге бензин жеткізу

Ақтөбеде тағы бір келіншек бұрынғы күйеуінің қолынан ажал құшты: күдікті ұсталды

Полиция көлігі

Қазақстанда Toyota мен Lexus көліктерін несиеге беретін компанияға ескерту жасалды

көлік

Қазақстанда медициналық ұйым басшыларының әрбір бесіншісі тестілеуден өте алмаған

МӘМС