USD
USD
USD

Алматыда жасөспірім аулада ойнап жүрген 2 жасар баланы көтеріп, жерге лақтырып жіберген

Оқиға кешкі уақытта тұрғын үйдің ауласында болған.

Алматы
Фото: instagram.com/_sssaparovaa_

Алматы, NEGE. Анасының жанында ойнап жүрген баланың қасына еш себепсіз келген жасөспірім оны көтеріп, жерге бар күшімен лақтырып жіберген. 

Дәрігерлер алғашқы медициналық көмек көрсетіп, баланың қолы сынғанын анықтады. Анасы Зарина Сапардың айтуынша, оқиғадан кейін сәби түнде жылап, ұйықтай алмай жүр.

«Бірден полицияға арыз жаздым, бірақ әлі ешкім хабарласқан жоқ. Бүгінге дейін (3 күн өтті) бірде-бір полиция қызметкері іздемеді. Ал дүйсенбі күні барсам, «сіздің арызыңыз қабылданбайды, себебі 13 жасар баланың үстінен сот ісі жүргізілмейді» дейді. Сонда 13 жастағы бала менің баламды өлтіріп қойса да, ешкім жауап бермейді ме?!», – деді ол.

Полиция департаментінің мәліметінше, аталған дерек бойынша Әуезов аудандық полиция басқармасы қылмыстық іс қозғады. Қажетті тергеу амалдарынан кейін процессуалдық шешім қабылданады.

«Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайын анықтауға бағытталған тергеу шаралары жүргізіліп жатыр. Сонымен қатар жасөспірімді тәрбиелеу бойынша міндеттерін тиісінше орындамағаны үшін оның ата-анасы жауапкершілікке тартылды», - деп хабарлады қалалық полиция департаменті.

Қазір оқып жатыр

Қазақстанда бір күнде үш орман өрті шықты

.

Тоқаев Украинадағы қақтығысты уақытша тоқтатуды ұсынды

.

Тоқаев әкесіне арналған ескерткіш тақтаға гүл шоғын қойды

.

Бекет ата жерасты мешіті бастаған бес киелі орын ЮНЕСКО тізіміне енді

.