USD
USD
USD

Алматыда жас қыздың үстіне қураған ағаш құлады: полиция қылмыстық іс қозғады

Алматыдағы Баум тоғайының аумағында ағаш құлауы салдарынан қыздың жарақат алу дерегі бойынша Түрксіб аудандық полиция басқармасы қылмыстық іс қозғады.

Қылмыстық іс
Фото: Видеодан кадр

Астана, NEGE. Бұл туралы қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

«Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайын жан-жақты әрі объективті анықтауға бағытталған тергеу әрекеттері жүргізілуде. Қажетті сот сараптамалары тағайындалды», – делінген хабарламада.

Тергеу қорытындысы бойынша қолданыстағы заңнама талаптарына сәйкес түпкілікті процестік шешім қабылданады.

Айта кетейік, 27 маусым күні Баум тоғайында 19 жастағы қыздың үстіне қураған ағаш құлап, ауыр жарақат алған. Дәрігерлер оның бас сүйегі жарылғанын, жамбас сүйегі мен аяғы сынғанын анықтаған. Туыстары қыздың алты күннен бері комада жатқанын айтты. 

Сондай-ақ олар қала билігінен аумақты тексеріп, апатты жағдайдағы ағаштарды кесуді, ал оқыс оқиғаның алдын алуға мүмкіндік болғаны дәлелденген жағдайда, кінәлілерді жауапқа тартуды сұрады.

Қазір оқып жатыр

Уразбахтин «Қайрат» клубының бас бапкерлігінен кетті

Футбольный клуб «Кайрат»

Мәслихат депутаттығына кандидаттардың сайлау шығыны бекітілді

Құрылтай сайлауы

Полициядан қашқан жүргізуші автобуспен соқтығысып, қаза тапты

Қостанай ПД

«Ордабасы» ҚПЛ жеңімпазы атанды

Ордабасы