USD
USD
USD

Алматыда жаңа Оқушылар үйі ашылады

Алматының Бостандық ауданында келесі жылдың басында жаңа Оқушылар үйінің құрылысы аяқталады. Қала әкімі Ерболат Досаев 80%-ға орындалған құрылыс жұмыстарын тексерді.

Алсаты әкімдігі
Фото: Алматы әкімдігі

Алматы, NEGE. 55 жыл бұрын ашылған №3 Оқушылар үйі апатты ғимараттың орнына жаңа орталыққа көшеді.

Жаңа ғимаратта 12 шығармашылық кабинет, лекторий, ішкі бақ қарастырылған. Бұл орталықта 5 пен 17 жас аралығындағы 2 000-ға дейін бала апта сайын білім ала алады. Мұнда бағдарламалау, 3D модельдеу, бейнелеу өнері үйірмелері мен пікірталас клубы жұмыс істейді.

Ерболат Досаев мұндай нысандардың барлығы ерекше қажеттілігі бар балаларға толықтай бейімделуі тиіс екенін айтып, барлық баланың қабілетін ашуға жағдай жасалатынын атап өтті.

Сонымен қатар, әкім Sham School мектебіне барды, онда оқушылар бейножасау, фотосурет, анимация, монтаж және сурет салу сияқты заманауи шығармашылық дағдыларды меңгереді.

Бүгінде Алматыда 300 мыңнан астам бала қосымша біліммен қамтылған. Биыл қалада үш жаңа шығармашылық орталығы салынып жатыр.

Қазір оқып жатыр

Тоқаев «Самұрық-Қазына» мен ҚТЖ басшыларының ұсталуына қатысты мәлімдеме жасайды

Қасым-Жомарт Тоқаев

«Самұрық-Қазына» өкілдері басшысы ұсталғаннан кейін мәлімдеме жасады

«Самұрық-Қазына»

«Самұрық-Қазына» басшысының ұсталуы бұрын-соңды болмаған жағдай»: саясаттанушы

Данияр Әшімбаев

Келер жылдан бастап декреттегі әйелдердің зейнетақы жарнасы азаяды

ана мен бала