USD
USD
USD

Алматыда жаңа кітаптардың таныстырылымы өтеді

15 шілде күні сағат 14.00-де Алматы қаласы, Достық 132, Coffee Book кофеханасында «Мазмұндама баспасының» ұйымдастыруымен Ұларбек Дәлейұлының «Жошы хан кім?», Сәуле Досжанның «Жақсылық Үшкемпіров кім?» және Асылан Тілегеннің «Мәншүк Мәметова кім?»  кітаптарының таныстырылымы өтеді.

аааа
Фото: Мазмұндама

Алматы, NEGE. Кездесу барысында оқырмандарға авторлармен тілдесіп, өз қолынан қолтаңба алу мүмкіндігі болады.

Ұларбек Дәлейұлының «Жошы хан кім?» кітабы – Шыңғыс қағанның тұңғыш ұлы Жошының ерлікке толы өмір жолы суреттелетін туынды. Ол жиырма бес жасында Тоғайлы жұртын бағындырып, көзге түскен. Әкесі Шыңғыс қағанның бұйрығымен Дешті-Қыпшақ ұлысын басқарып, ордасын Ұлытауда тікті. Кітапта Жошы хан билеген замандағы тарихи оқиғалар, қазіргі қазақ елінің алғашқы қалыптасу кезеңі суреттеледі. Сәуле Досжанның «Жақсылық Үшкемпіров кім?» кітабы ұлттық намыстың үлгісіне айналған қазақ балуаны Жақсылық Үшкемпіровтіңөмірінен жазылған. Қазақстанда күрес спортының дамуына зор үлес қосқан атақты спортшының жарқын оқиғаларға толы өмір жолы жастарға үлгі. Асылан Тілегеннің «Мәншүк Мәметова кім?» кітабында Кеңес Одағының Батыры атағы берілген тұңғыш қазақ қызы Мәншүк Мәметрваның балалық шағынан бастап майдандағы ерліктеріне дейін баяндалады. Кітаптағы оқиғаның бәрі Мәншүкпен замандас болған тұлғалардың естелігінен алынған.

Іс-шараға жазушылар, қоғам қайраткерлері қатысады.

Байланыс ақпараттары:

Өтетін орны: Алматы қаласы, Достық 132, Coffee Book

e-mail: mazmundama@gmail.com

тел: +7 705 626 35 55, +7 700 700 70 917

Қазір оқып жатыр

Арыста ағайындыларды он шақты жігіт соққыға жыққан: туыстары әділ жаза талап етеді

Алмасбек, Сауран

«Арандату болған, басы жарылған»: Әсет Матаевтың адвокаты мәлімдеме жасады

Әсет Матаев

Кенжеғұл Сейітжан премьер-министрге өкпелі

Кенжеғұл Сейтжан

Талғардағы кісі өлтіру және бала ұрлау ісі: басты айыпталушы 25 жылға сотталды

жауапкершілік