USD
USD
USD

Алматыда жаңа комьюнити орталықтар ашылады

Алматыда жастарға арналған комьюнити орталықтардың саны 16-ға дейін көбейеді. Бұл туралы Алматы қаласы бойынша Қазақстан халқы Ассамблеясының XXVI сессиясы аясында Алматы әкімі Ерболат Досаев хабарлады.

Алматы әкімдігі
Фото: Алматы әкімдігі

Алматы, NEGE. «Біз уәде еткендей, қалада 16 комьюнити орталық болады. Биыл 4-еуін, келесі жылы тағы 4-еуін ашамыз. Комьюнити орталықтардың пайдасы мол, жастардың басын қосатын орындар пайда болды», - деді қала басшысы Ерболат Досаев.

Қазір қаланың әр ауданында бір-бірден 8 комьюнити орталық ашылған.

Алматы әкімдігі
Фото: Алматы әкімдігі

Естеріңізге сала кетейік, Алматыда жастардың әлеуетін толыққанды іске асыру, сондай-ақ жастарға атаулы көмек көрсету үшін өткен жылы жастар комьюнити орталықтар ашылған.

Әрбір комьюнити орталық – 300 м2 қоғамдық кеңістік, психологиялық, заң көмегі, жұмысқа орналастыру, кәсіптік бағдар беру, кәсіпкерлік мәселелер бойынша кеңес беру, сондай-ақ жастар идеясын жеделдету үшін коворкинг аймақ бар.

Алматы әкімдігі
Фото: Алматы әкімдігі

2024 жылдың басынан бері 750-ден астам іс-шара өткізіліп, 30 мыңнан астам жас қатысқан. «Онай» картасы негізінде комьюнити орталықтардың резиденттері үшін клубтық карточкалық жүйе енгізілді. Карта көлікке, қоғамдық тамақтануға, спорттық және мәдени инфрақұрылымды пайдалануға, оқытуға, шеберлік дәрістеріне және т.б. дисконт ұсынады.

Сондай-ақ, қалада жастарға арналған 34 демалыс орталығы жаңғыртылды.

Қазір оқып жатыр

Президент: Қазақстан Еуразиядағы жетекші ғылыми-технологиялық орталыққа айналуы керек

.

Небәрі 29 жоба және 11 қылмыстық іс: Тоқаев Ғылым қорын сынға алды

Тоқаев

Астанада Тасмағамбетов кезінде басталған көшенің «жыры» әлі бітпеген

Бейсекова көшесі

Шымкентте жоғарғы сынып оқушысы өзінен кіші баланы тепкілеп кеткен

Жас баланы ұрды