USD
USD
USD

Алматыда жаңа газ құбыры салынып жатыр

Наурызбай ауданында ұзындығы 6,7 км жоғары қысымды жаңа магистральдық газ құбыры салынып жатыр. Қала басшысы Ерболат Досаев құрылыстың жұмыс барысымен танысты.

Алматы әкімдігі
Фото: Алматы әкімдігі

Алматы, NEGE. Жаңа газ желісі жеке жеткізуші қызмет көрсеткен қалаға қосылған аумақ тұрғындарының көпжылдық мәселесін шешеді. Соның нәтижесінде мыңдаған тұрғын тұрақты газбен қамтамасыз етіледі. Қазіргі таңда «Alma City» ТҮК-де 168 м құбыр, Алатау даңғылында 825 м, Сабденов көшесінде 96 м тесу әдісімен газ құбыры тартылған.

Ерболат Досаев шамадан тыс жүктеме мен іркілістерді болдырмау үшін ауданның құрылысы мен болашақ дамуын ескере отырып, инфрақұрылым құрылысының маңызын атады. «Alma City», «Елім-ай 4» ТҮК, «Елисей алаңдары» КҚ сынды жаңа құрылыстың 3 мың тұрғыны тұрақты газбен қамтылады.

Құрылыс осы жылдың қазан айында аяқталады деп жоспарланған.

Қазір оқып жатыр

Сауд Арабиясына жасалған шабуыл кезінде 12 адам қаза тапты: Қазақстан СІМ мәлімдеме жасады

СІМ ғимараты

Шымкентте Қайрат Нұртастың концертін ұйымдастырған адам ұсталды

.

Қазақстандықтар такси шақыра алмай жатыр: «Яндекс Go» жұмысында ақау шықты

такси

Қайрат Нұртастың концертіндегі дүрбелең: ұйымдастырушылар полицияға жеткізілді

ұрлық