USD
USD
USD

Алматыда УЕФА-ның 4-санат талаптарына сай келетін жаңа футбол стадионы салынады

Алматыда халықаралық деңгейдегі заманауи стадион бой көтереді, деп хабарлады Алматы әкімдігі. 

Алматы
Фото: gov.kz

Алматы, NEGE. Қала әкімі Дархан Сатыбалды жұмыс сапары барысында жоба барысымен танысты.

Жаңа арена 35 мың көрерменге есептеліп, УЕФА-ның 4-санат талаптарына сай келеді.

Жоба аясында жаттығу алаңдары, жанкүйерлерге арналған демалыс орындары, заманауи қауіпсіздік жүйелері және аумақты абаттандыру қарастырылған.

Стадион Құлжа мен Талғар тас жолдарының арасында, аумағы шамамен 15 гектар жерде салынады. Бұл аумақ болашақта қала үшін көлік-логистикалық хабқа айналып, көрермендер мен қонақтарға барынша ыңғайлы жағдай жасамақ.

«Президенттің тапсырмасына сәйкес жұмысты жеделдетуіміз қажет. Келер жылы құрылыс-монтаж жұмыстары басталуы тиіс», – деді Алматы әкімі Дархан Сатыбалды.

Сондай-ақ, 65 жылдан астам тарихы бар Орталық стадион сақталып, жеңіл атлетика инфрақұрылымы ескеріле отырып жаңғыртылады. Ол Алматы спорт тарихының бір бөлігі болып қала бермек.

Қазір оқып жатыр

Тоқаев пара беруге уәде еткендерді де қылмыстық жауапқа тартуды көздейтін заңға қол қойды

Заң

Маңғыстау облысында жұмыссыздар саны артып барады: сарапшылар не дейді?

Маңғыстау облысы

AMANAT «Әділет» партиясына қосылады

.

Данияр Мейірханға қатысты қылмыстық қудалау тоқтатылды – адвокат

Данияр Мейірхан