USD
USD
USD

Алматыда жаңа демалыс орындары салынды

Алматының Түрксіб ауданында «Халық қатысатын бюджет» бағдарламасы аясында екі қараусыз қалған учаскені абаттандыру жұмыстары аяқталды.

Алматы
Фото: Алматы әкімдігі

Алматы, NEGE. Тәштітов көшесінде Қарасу өзенінің бойында жаңа қоғамдық кеңістік құрылды. Мұнда селден қорғау үшін жағалауды габион құрылымдарымен бекітіп, қоршаулар, жарық жүргізіп, 400 метрлік серуендеу аймағы салынды. Тұрғындар үшін балалар мен спорт алаңдары жабдықталып, орындықтар, қоқыс жәшіктері орнатылып, көгал егіліп, автоматты суару жүйесі қосылды.

Тағы бір жоба Красногорская көшесінде аяқталып, 300 метрлік серуендеу аллеясы пайда болды. Мұнда перголалар, орындықтар, суару жүйесі, жарықтандыру орнатылып, кешенді көгалдандыру жұмыстары жүргізілді.

Екі нысан да «ХҚБ» бағдарламасы аясында тұрғындар қолдау білдірген 52 жобаның бірі. Биыл әкім Ерболат Досаевтың тапсырмасымен бағдарламаның қаржыландыруы 2 миллиард теңгеге дейін ұлғайтылды.

Қазір оқып жатыр

Екі пәтер, Camry көлігі, 1,2 млн теңге жалақы: еңбек министрі отбасының табысы туралы айтты

Асқарбек Ертаев

Mercedes-Benz көлігі, жан басына шаққандағы табысы 356 мың болатын отбасыға жәрдемақы берілмейді

Әлеуметтік төлемдер тақырыбындағы брифинг

Астанада телефонға елеңдеп, адам қағып кеткен автобус жүргізушісі 2 жылға сотталды

Автобус жүргізушісі

Қазақстанда ең жоғары 2,4 млн теңге жалақыны қандай дәрігерлер алады?

дәрігер