USD
USD
USD

Алматыда жалған инвестициялық жоба әшкере болды

Алматыда өмірді сақтандыруға инвестиция салу желеуімен тұрғындардан 620 миллион теңгеден астам қаржы тартқан алаяқтық схемасына қатысты тергеу жүріп жатыр.

Зейнетақы, ақша, есеп
Фото: gov.kz

Астана, NEGE. Күдікті жылына 12%-ға дейін тұрақты табыс табуға кепілдік берген.

Қаржылық монитринг агенттігінің мәліметінше, ол 2013–2021 жылдар аралығында Partners & Consultants атты «Өмірді сақтандыру» жобасы арқылы азаматтардың ақшасын иемдену схемасын ұйымдастырған. Салымшыларды «Evroasia Global Investment» АҚ және «Evropa Investment» ЖШС есепшоттарына ақша аударуға үгіттеген.

Жобаның сенімділігін дәлелдеу үшін ол жалған халықаралық сақтандыру бағдарламалары мен сертификаттарына сілтеме жасаған. Қаражаттар аударымдар арқылы қабылданған, кейін салымшыларға ұзақ мерзімді салым әсерін қалдыратын жалған құжаттар берілген. Алаяқтық схемасынан барлығы 270 адам зардап шеккен.

Алынған ақшалай қаражатты күдікті жылжымайтын және жылжымалы мүлік сатып алуға жұмсаған.

Қазіргі уақытта бұл мүлікке шектеу қойылып, күдікті қамауға алынды.

Қазір оқып жатыр

Қырғызстанның бұрынғы президентінің ұлы 4 жылға сотталды

Қадырбек Атамбаев

«30 доллардан басталады»: мамандар киберқылмыс қызметінің бағасын анықтады

хакер

Астанада тұрақта тұрған тағы бір көлік өртке оранды

Өртке оранған көлік

Перизат Қайраттың туысынан Дубайда құны 5,9 млн доллар болатын жеті пәтер анықталды

Перизат Қайрат