USD
USD
USD

Алматыда зейнеткерлерден ақша ұрлаған күдіктілер ұсталды

Алматыда полиция зейнеткерлерден ақша ұрлаған күдіктілерді ұстады, деп хабарлайды Polisia.kz.

Полиция
Фото: Полиция

Алматы, NEGE. Алматы қаласы Әуезов ауданының полицейлері зейнет жасындағы азаматтардың пәтерлерінен ұрлық жасағаны үшін күдікке ілінген екі әйелді ұстады. Тергеу мәліметінше, күдіктілер әртүрлі сылтаумен зейнеткерлердің үйлеріне кірген. Бір оқиғада олар өздерін кітап таратушылар ретінде таныстырған. Пәтерге кірген соң, үй иесін су алып келуді сұрау сияқты сылтаумен алаңдатып, сол сәтте зейнеткердің жиғандарын ұрлаған. Осындай оқиғалардың бірінде олар 4 миллион теңге көлеміндегі ақшаны қолды еткен.

Күдіктілердің екеуі де ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазіргі уақытта олардың қалада жасалған басқа да осыған ұқсас деректерге қатысы бар-жоғы тексерілуде.

«Зейнет жасындағы азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету – біздің профилактикалық жұмысымыздың басым бағыттарының бірі екенін ерекше атап өткім келеді. Азаматтарды сақ болуға, бөгде адамдарды үйлеріне кіргізбеуге және күмән тудыратын жағдайларда бірден полицияға хабарласуға шақырамыз», – деді, Әуезов аудандық полиция басқармасының бастығы Данияр Мендебаев.

Қазір оқып жатыр

Меладзенің Алматыдағы концертінде шу шығарған әйелдер жазаланды

.

Семейде жүріп бара жатқан жолаушылар автобусы өртенді

өрт

Alatau City жобасына Еуропа елдерінен инвесторлар тартылмақ

Делегация Алатау сити

Болат Өтемұратов OLX Қазақстанды 81 миллион долларға сатып алды

Болат Өтемұратов