USD
USD
USD

Алматыда заңсыз сақталған қару-жарақ пен оқ-дәрілерді қайта сатып алу науқаны басталды

Алматыда қаруды қайта сатып алу науқаны басталды, деп хабарлайды Polisia.kz.

Алматы облысы
Фото: ғаламтордан

Алматы, NEGE. 21 сәуірде қалада заңсыз сақталған қару-жарақ пен оқ-дәрілерді сатып алу бойынша жыл сайынғы республикалық науқан басталды. Полиция азаматтарды маңызды бастамаға қатысуға шақырады.

«Науқанның мақсаты – құқық бұзушылықтың алдын алу және тіркелмеген қаруды қолданумен байланысты қылмыстарды болдырмау. Қаруды өз еркімен тапсыру – жеке және қоғамдық қауіпсіздікке жасалған қадам. Заңсыз сақталған қаруды, оқ-дәрілерді немесе жарылғыш заттарды өз еркімен тапсырған азаматтар қылмыстық және әкімшілік жауапкершіліктен босатылатынын ерекше атап өткіміз келеді. Әрбір тапсырылған қару үшін ақшалай сыйақы беріледі. Ол үшін кез келген аумақтық полиция бөлімшесіне өтініш беру керек», - деді Алматы қаласы ПД ӘПБ азаматтық және қызметтік қару айналымын бақылау бөлімінің бастығы Бейбіт Жексенбиев. 

Полиция азаматтарды түсіністік танытып, аталған шараға белсенді түрде қатысуға шақырады.

Қазір оқып жатыр

Қытайға тартылған мұнай құбырларындағы артық мұнай есептелмей, 3 млрд теңгеге жуық салық кем түскен

Мұнай құбыры

Қазақстанда электромобильдерге арналған жасыл түсті мемлекеттік нөмірлер бекітілді

Электромобиль

Сегіз ай күттірген жаңа пойыз: Stadler вагондары алғашқы рейсіне шықты

Stadler

«Министрдің жолы жіңішке» деген Саясат Нұрбек отставкаға кетуге дайын ба?

Саясат Нұрбек