USD
USD
USD

Алматыда Ю.Гагарин даңғылының бір бөлігіне Ермек Серкебаевтың есімі берілді

Алматы мәслихатының кезектен тыс XVIII сессиясында еліміздің көрнекті артистерінің құрметіне бірнеше көшенің атын өзгерту туралы шешім қабылданды, деп хабарлады Алматы әкімдігінің баспасөз қызметі.

Алматы
Фото: Алматы әкімдігі

Алматы, NEGE. Енді Ю. Гагарин атындағы даңғылдың бір бөлігі Ермек Серкебаевтың есімімен аталады, ал Юбилейная көшесі Владимир Толоконников көшесі болып өзгертілді.

Бостандық және Түрксіб аудандарындағы атауы жоқ көшелерге Ескендір Хасанғалиев пен Юрий Померанцев есімі берілді. Ермек Серкебаев – Қазақстанның халық артисі, Абай атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық опера және балет театрының солисі.

Владимир Толоконников – Қазақстанның еңбек сіңірген артисі, Алматыдағы орыс драма театрының актері. Ескендір Хасанғалиев пен Юрий Померанцев – халық артисі атанған талантты жандар.

Бұған дейін шешімнің жобасы республикалық ономастика комиссиясының қарауына жіберіліп, қаулы «Ашық НҚА» порталында 28 мамырға дейін талқыланған болатын. 

Қазір оқып жатыр

Фельдшердің өлімі: сарапшы үйдің фасадының құлауына жобалық қателік себеп болғанын айтты

Вероника Лобаева

Алматыдан Лондонға бет алған Air Astana ұшағы Франкфуртқа қонуға мәжбүр болды

 Air Astana

Шымкентте дрон заңсыз қоқыс төккен КамАЗ жүргізушісін әшкереледі

белгіленбеген орынға қоқыс төккен

ДСМ телеарналар мен әлеуметтік желілерде фастфуд жарнамасын шектеуді ұсынды

жарнама