USD
USD
USD

Алматыда Владимир Жириновскийге ескерткіш қойылуы мүмкін

Жириновскийдің 80 жылдығына орай 2026 жылы Алматыда ескерткіш қойылуы мүмкін. 

Владимир Жириновский
Фото: Илья Питалев / РИА Новости

Алматы, NEGE. Мұндай бастаманы ресейлік депутаттар көтерді. Мерейтойды атап өтуге арналған құжаттарда Алматы Жириновскийдің «кіші отаны» деп аталған. 

Айта кетейік, 2005 жылы Владимир Жириновский Қазақстанды «ешқашан тарихта болмаған мемлекет» деп атаған мәлімдемесінен кейін, ел билігі оның Қазақстанға кіруіне және ел аумағында болуына тыйым салып, «персона нон грата» тізіміне енгізген. 

Жириновский 2022 жылы 2 ақпанда коронавирус жұқтырып, 75 жасында қайтыс болды. 2024 жылдың қарашасында Путин саясаткердің туған күнін 2026 жылы мемлекеттік деңгейде атап өту туралы жарлыққа қол қойды.

Қазір оқып жатыр

Жәрдемақы алу тәртібі өзгереді: енді отбасының қарызы да есепке алынады

Көпбалалы аналар

Қамаудан босатқан күдіктіні қайта ұстаған: заң не дейді?

Заң

Ақтөбеде жер қойнауын пайдаланушылар 1,2 млрд теңге салық төлемеген

Салық

Құрылтайда жаңа депутаттық топ құрылды: оны Дана Медеуова басқарады

Дана Медеуова