USD
USD
USD

Алматыда үш бағытта метроның 23 бекеті салынады

Бұл туралы Алматы қаласы әкімінің орынбасары Алмасхан Сматлаев айтты. 

метро
Фото: ғаламтордан

Алматы, NEGE. Оның сөзінше, қолданыстағы метро желісі Абай даңғылы бойымен Алатау көшесі арқылы «Барлық» станциясына дейін ұзартылады — 3 метро бекеті болады (5,3 км). Оның құрылысы үшін жобалау-сметалық құжаттама әзірленіп, мемлекеттік сараптамаға жіберілген.

Одан бөлек Алмасхан Сматлаев метроны «Жібек жолы» бекетінен Алматы әуежайына дейін жеткізу жоспары туралы баяндады.

— Бұл бағытта 8 бекет пен 14 шақырым метро желісі салынады. Ол Гоголь көшесі арқылы Орталық демалыс саябағы арқылы өтеді. Әрі қарай Шығыс автомобиль айналма жолына шығып, әуежайға дейін жетеді. Техникалық-экономикалық негіздеме әзірленіп жатыр. Мемлекеттік сараптамадан 2026 жылдың қаңтар-ақпан айында өтеді, — деді ол.

Сондай-ақ қала әкімінің орынбасары метро желісінің үшінші бағытына тоқталды. Бұл жоба бойынша «Сайран» бекетінен Алатау қаласына дейін 12 бекет (21,5 км) салу жоспарланған. Техникалық-экономикалық негіздеме 2026 жылдың желтоқсан айында дайын болады.

Қазір оқып жатыр

VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындарындағы жеңімпазға қатысты дауға нүкте қойылды

жеңімпаз

Қазақстанның кей өңірінде сифилис инфекциясының таралуы көбейген

Дәрігер

«Центр плова Loft» ісі бойынша сот Ақмола облысы әкіміне жеке қаулы шығарды

блогер соты

Қарағандыда оқ жарақатын алған ер адам мен әйелдің мәйіті табылды

Полиция