USD
USD
USD

Алматыда ҰҚШҰ-ға мүше елдер Қорғаныс министрлері кеңесінің отырысы өтті

Алматыда ҰҚШҰ-ға мүше елдер Қорғаныс министрлері кеңесінің отырысы өтті. Оның барысында әскерлерді озық қару-жарақпен жарақтандыру жөніндегі құжаттарға қол қойылды.

Тасмағамбетов
Фото: Қорғаныс министрлігі

Алматы, NEGE. Отырысқа ҰҚШҰ-ға мүше мемлекеттер қорғаныс ведомстволарының басшылары, ұйымның бас хатшысы және біріккен штаб бастығы қатысты.

Отырыстың шағын құрамында ҰҚШҰ Ұжымдық қауіпсіздік аймақтарындағы әскери қауіпсіздікке қатысты сын-тегеуріндер мен қауіп-қатер туралы ұйымның бас хатшысы Иманғали Тасмағамбетов баяндама жасады.

Тараптар әскери қауіпсіздік саласындағы ынтымақтастықты дамытудың басым бағыттары туралы пікір алмасып, өз көзқарасын білдірді.

Қорғаныс министрлігі
Фото: Қорғаныс министрлігі

Кеңестің пленарлық отырысында тараптар бірқатар құжаттар қабылдады.

Олар ҰҚШҰ-ның ұжымдық күштерін бірлесіп даярлауды жоспарлау, заманауи қару-жарақ үлгілерімен, әскери және арнайы техникамен жабдықтау төңірегінде болды.

Кездесу соңында Қазақстанның Қорғаныс министрі отырысқа қатысушыларға жемісті және нәтижелі жұмысы үшін ризашылығын білдірді.

«Бүгінгі отырыс барысында біз Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымының ұжымдық қауіпсіздік аймақтарындағы сын-тегеуріндер мен қауіп-қатерге жан-жақты талдау жүргіздік. Ұйымға мүше мемлекеттер қорғаныс ведомстволарының өзара іс-әрекетін одан әрі тереңдетуге және оның әскери құрамдас бөлігін дамытуға бағытталған құжаттар қаралып, қол қойылды», – деп түйіндеді генерал-полковник Руслан Жақсылықов.

Қазір оқып жатыр

Роман Скляр Бүкілқытайлық жиналыс комитетінің төрағасымен кездесті

.

Ерболат Досаев қызметінен босатылды

Ерболат Досаев

Каспий жағалауынан өлі аққулар табылды

.

КҚК Қазақстан мұнайын тасымалдаудың басым бағыты болып қала береді

КҚК