USD
USD
USD

Алматыда түнде ҚазҰУ кешеніндегі Студенттер сарайының төбесі опырылып түсті

Алматыда түнде әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті кешеніне қарасты Студенттер сарайының төбесі опырылып түсті. Университет өкілдері ғимарат қазіргі уақытта реконструкциялау кезеңінде екенін мәлімдеді.

Төбесі опырылып түскен студенттер сарайы
Фото: threads.com/@___aleks_k___

Астана, NEGE. Қала тұрғындары әлеуметтік желілерде оқиға орнынан түсірілген суреттерді жариялап, түнде ҚазҰУ аумағынан қатты дыбыс шығып, қою шаң көтерілгенін жазуда. Фотосуреттен ғимараттың жоғарғы бөлігі опырылып түскенін анық байқауға болады.

ҚазҰУ жариялаған мәлімдемеде 2023 жылы бұл нысанның техникалық жай-күйіне тексеру жүргізіліп, біраз ақаулар анықталғаны айтылған. Атап айтқанда, темірбетон конструкцияларының бір бөлігінің болмауы, коррозияға ұшырап, бұзылуы және деформациялануы, ригельдер мен бағандар түйіндерінің зақымдануы, жертөледегі қабырғалардың болмауы, сондай-ақ қасбет жылу оқшаулауы мен шатыр конструкцияларының бұзылуы тіркелген.

Университет өкілдері бұған қоса 2024 жылдың қаңтар айында Алматы мен оған іргелес аймақтарда тіркелген бірнеше жер сілкінісі де ұзақ уақыт бойы пайдаланылған ғимараттың конструкцияларына қосымша әсер еткен болуы мүмкін екенін алға тартады.

«Университет Студенттер сарайының тарихи-мәдени құндылығын, оның қоғамдық орталық және мәдени-көпшілік шараларды өткізетін алаң ретіндегі маңыздылығын терең түсіне отырып, бұл нысанды сақтап қалу және қалпына келтіру туралы шешім қабылдады», – делінген ҚазҰУ хабарламасында.

Сондай-ақ оқу орны нысанның қауіпсіздігін қамтамасыз етуге қажетті шараларды қабылдауды жалғастыратынын атап өткен.

Қазір оқып жатыр

Тоқаев: Қандай да бір тілге қарсы күресу – Жаратқанға қарсы шығумен тең

Қасым-Жомарт Тоқаев

Қылғындырып, ішінен тепкен: жүкті әйелін қинағаны үшін сотталған ер адам жазасын жеңілдетуді сұраған

Жүктілік

Шекарада жүргізушілерден ақша бопсалаған: Жамбыл облысында қылмыстық топ мүшелері ұсталды

Күдіктіні ұстау сәті

Михаил Ломтадзе: Kaspi.kz-тің мақсаты – клиенттерге арналған әлемдегі үздік AI-сервистердің бірін жасау

Ломтадзе