USD
USD
USD

Алматыда төрт құрылыс компаниясы лицензиясынан айырылды

Алматыда жүргізілген бақылау іс-шараларының қорытындысы бойынша төрт құрылыс компаниясы лицензиясынан айырылды, тағы 350 компанияның лицензиясы уақытша тоқтатылды.

Құрылыс компаниялары
Фото: magnific.com

Астана, NEGE. Бұл жөнінде қала әкімдігі хабарлады. Бұған қоса, құрылыс қызметімен айналысатын 437 субъектіге қатысты заңнамаға сәйкес тиісті шаралар қабылданған.

Бұл ретте әлеуметтік маңызы бар нысандарды салатын мердігер ұйымдардың қызметіне ерекше назар аударылды.

«Атап айтқанда, «SK BEST Spec Story KZ» ЖШС жобалау қызметінің І санаттағы мемлекеттік лицензиясынан айырылды. Сонымен қатар «Отау-Құрмет» ЖШС мен «ҚазҚСҒЗИ» АҚ ЕҰ лицензияларынан айырылды. Ал «Сәулет Құрылыс Консалтингі» ЖШС лицензиясының жекелеген қосалқы түрінің күші жойылды», – деп хабарлады әкімдік өкілдері.

Қала құрылысын бақылау басқармасының өкілдері Алматыда өз біліктілігін дәлелдей алатын, белгіленген талаптарды сақтайтын және құрылыс жұмыстарының сапасын қамтамасыз ететін компаниялар ғана жұмыс істей алатынын атап өтті.

Өткен жылдың қорытындысы бойынша сегіз құрылыс компаниясы лицензиясынан айырылған болатын. Олардың басым бөлігі әлеуметтік нысандарды салумен айналысқан.

Қазір оқып жатыр

Brent маркалы мұнай бағасының баррелі 101 долларға дейін төмендеді

мұнай

Астанада апалы-сіңлілі екі әйел күйеулерімен бірге «секс-притон» ұйымдастырды деген күдікке ілінді

Күдіктінің үйін тінту сәті

Тоқаевтың президент болғанына жеті жыл: негізгі экономикалық көрсеткіштер қалай өзгерді?

Қасым-Жомарт Тоқаев

«Мың доллардың футболкасын кім алады?»: Миллионер Арсен Томский Esentai Mall-дағы бағаға таңғалды

Арсен Томский