USD
USD
USD

Алматыда ток соққан электриктер жансақтау бөлімінде жатыр

«Жастар» тұрғын үй кешенінде жұмыс істеп жүрген электриктерді ток соққаны туралы әлеуметтік желіде ақпарат тарады. 

Денсаулық
Фото: Pixabay

Алматы, NEGE. Алматы қаласының Денсаулық сақтау басқармасы бұл мәліметті растап, екі азаматтың жансақтау бөлімінде жатқанын хабарлады.

«22 мамыр сағат 13:05-те Алматы қалалық жедел шұғыл көмек көрсету ауруханасының қабылдау бөліміне электр жарақатын алған екі ер адам жеткізілді. Екі науқасқа да ІІ–ІІІ дәрежелі көптеген күйік диагнозы қойылды. Пациенттер анестезиология, реанимация және қарқынды терапия бөліміне (АРҚТБ) жатқызылды. Қазір оларға барлық қажетті қарқынды терапия шаралары жүргізіліп жатыр» – делінген хабарламада. 

Қалалық полиция департаменті аталған оқиға бойынша тексеріс жүргізілетінін хабарлады.

«Алмалы аудандық полиция басқармасы тұрғын үй кешенінің аумағында жеке компанияның екі қызметкерін электр тоғының соғу дерегіне қатысты тергеу жүргізіп жатыр. Оқиғаның мән-жайы анықталады. Қолданыстағы заңнамаға сәйкес шаралар қабылданады» – деп мәлімдеді департаменттен.

Қазір оқып жатыр

Жанабылов пен жұбайы татуласты: сот істі тоқтатты

Ерболат Жанабылов

Қырғызстанда арнайы куәлігі жоқ блогерлерге діни уағыз айтуға тыйым салынды

Блогер

Астанадағы фельдшер Ұлдана Мырзуанның қазасына қатысты іс прокурорға қайтарылды

 Меруерт Абаева

Қыркүйекте Қазақстанда жылдық инфляция 9,3%-ға дейін төмендеді

Тиындар