USD
USD
USD

Алматыда Tesla Education білім орталығына қатысты тергеу басталды

Алматы полициясы Tesla Education білім орталығына қатысты ата-аналардың арыздары бойынша тергеу жүргізіп жатыр.

оқушы
Фото: freepik.com

Астана, NEGE. Азаматтардың арызы бойынша қылмыстық іс Бостандық аудандық полиция басқармасында тіркелген.  

Тергеу аясында болған жағдайдың мән-жайын жан-жақты, толық әрі объективті анықтауға, сондай-ақ азаматтардың конституциялық құқықтарын қорғауға бағытталған кешенді тергеп-тексеру іс-шаралары жүргізілуде. Тергеу барысы басшылықтың бақылауында, – деп хабарлады Алматы полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Аталған мәселеге қатысты Tesla Education компаниясы да өз жауабын жариялады.

Біз ешқайда жасырынбаймыз, байланыста болып, мәселені белсенді түрде шешіп жатырмыз. Компания ешқашан алаяқтықпен немесе қандай да бір пайдакүнемдік мүддемен әрекет етпегенін нақты әрі анық айтқымыз келеді. Қызметкерлер қызметтік нұсқаулықтар мен регламенттер аясында ғана жұмыс істеді. Бұған түсіністікпен қарауыңызды сұраймыз. Компанияның ата-аналар алдындағы барлық міндеттемелері толық көлемде орындалады, – делінген мәлімдемеде.

Сонымен қатар, орталықта төлемдер бойынша жан-жақты әрі ашық кесте әзірленіп жатқаны айылды. Келесі аптада әр ата-анаға қаражатты қайтару мерзімдері көрсетілген жеке кесте берілмек.

Қазір оқып жатыр

Қатардың бұрынғы әмірі қайтыс болды: Тоқаев көңіл айтты

.

Ерлан Қожағапанов бостандыққа шықты

.

FIFA әлем чемпионатының финалы өтетін алаңның көгалын бөлшектеп сатуға кірісті

.

Астанадан Дубайға ұшқан рейс кері қайтарылды

Air Astana