USD
USD
USD

Алматыда тергеу изоляторына құрманың ішіне есірткі жасырып өткізбек болған күдікті анықталды

Алматыда тергеу изоляторына құрманың ішіне есірткі жасырып өткізбек болған күдікті анықталды, деп хабарлайды Polisia.kz.

Полиция
Фото: Полиция

Алматы, NEGE. Оқиға Алматы қаласы бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің №72 мекемесінде тіркелген. ҚАЖД мәліметінше, мекеменің қабылдау-тапсыру бөлмесінде өзіндік қауіпсіздік бөлімі мен жедел топ қызметкерлері бірігіп, тергеу қамауындағы азаматқа жеткізілген сәлемдемені тексеру барысында құрманың ішіне жасырылған өткір иісті белгісіз ұнтақты анықтаған.

Сәлемдеме әкелген азамат өз сөзінде курьер екенін айтып, пакеттің ішінде не барын білмегенін алға тартқан.

Оқиға бойынша Алматы қаласы полиция департаментінің Түрксіб аудандық полиция басқармасынан арнайы топ шақыртылған.

Қазіргі уақытта аталған факт бойынша материалдар жинақталып, әкімшілік жауапкершілікке тарту шаралары қарастырылып жатыр.

Қазір оқып жатыр

Қытайға тартылған мұнай құбырларындағы артық мұнай есептелмей, 3 млрд теңгеге жуық салық кем түскен

Мұнай құбыры

Қазақстанда электромобильдерге арналған жасыл түсті мемлекеттік нөмірлер бекітілді

Электромобиль

Сегіз ай күттірген жаңа пойыз: Stadler вагондары алғашқы рейсіне шықты

Stadler

«Министрдің жолы жіңішке» деген Саясат Нұрбек отставкаға кетуге дайын ба?

Саясат Нұрбек