USD
USD
USD

Алматыда «Тауфик» дәмханасынан өрт шықты

Алматыда дәмхана өртенді. Сол маңдағы тұрғын үйден 5 адам эвакуацияланды.

«Тауфик» дәмханасы
Фото: ТЖД

Алматы, NEGE. Алматы қалалық Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, бүгін таңғы сағат 8:58-де өрт сөндіру бөлімшелері Алмалы ауданы, Розыбақиев көшесі, 13 мекенжайына шақыртуға шықты.

Өрт сөндіру бөлімшелері келген сәтте «Тауфик» дәмханасының шатыры жанып жатқанын анықтады.

«Өрттің таралу қауіпі көршілес құрылыстарға туындап, сол маңдағы үйден 5 адам эвакуацияланды. Дәмханада ешкім болған жоқ. Жанып жатқан ғимараттан 7 газ баллоны сыртқа шығарылды. Автоцистерналардан өрт оқпандары дереу енгізіліп өртке қарсы гидранттарына орнатылды, судың үздіксіз берілуі қамтамасыз етілді», - деп хабарлады департаменттен.

Өрт 9:43-те толығымен жойылды.

Қызыл жалын 150 шаршы метр жерді шарпыды.

Оны сөндіруге 30 адам, 10 бірлік техника және қаланың өзара іс-қимыл қызметтері тартылды.

Қазір оқып жатыр

Бірі өсті, бірі шегінді. Қазақстанның сегіз банкі НЕГЕ активінен айырылды?

bank

Әйелдер мен балаларды қорғайтын жобаға не кедергі: депутат екі министрлікке талап қойды

Лариса Ли

Қазақстанда құрылыс талаптарын бұзғандарды лицензиясынан айыруы мүмкін

Құрылыс компаниялары

Қазақстанда жаңа мұнай өңдеу зауыты салынуы мүмкін

Атырау мұнай өңдеу зауыты