USD
USD
USD

Алматыда танымал демалыс орыны аумағына таудан тастар құлады

2 мамырда Алматыда жауған нөсер жаңбырдан кейін Алмарасанда таудан тастар құлады. Зардап шеккендер жоқ, деп хабарлады ТЖД.

Арасан
Фото: yvision.kz

Алматы, NEGE. Қалалық ТЖД тастардың құлауына қолайсыз ауа райы, яғни қатты жел мен нөсер жаңбыр түрткі болғанын айтады.

"Тастар жеке инвестор салған нысанға құлады. Зардап шеккендер жоқ. 112 - шұғыл байланыс желісіне де осы сипатта қоңырау келіп түскен жоқ. Оқиға орнында Іле-Алатау мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің инспекторлары болды. Қазіргі уақытта қауіп жоқ", деп хабарлады ТЖД баспасөз қызметі.

Тастар құлаған кезде ол маңда туристер болмаған, ешкім зардап шеккен жоқ.

Қазір оқып жатыр

Цифрлық даму министрлігі «Яндекстің» бес компаниясын тексермек

Яндекс

Алматыда сараптамадан өтпеген жол жобасына 202 млн теңге төленген

Жол жөндеу

Азиада алтынынан қағылған Ясмина Тоқсанбаеваға пәтер тарту етілді

Ясмина Тоқсанбаева

Тоқаев «күйсандық», «қылтима» сөздерінің қазақша аудармасына күмән келтірді

Тоқаев