USD
USD
USD

Алматыда такси жүргізушісі шетелдіктерді әуежайдан орталыққа дейін 72 мың теңгеге апарған

Алматылық полицейлердің араласуымен такси жүргізушісі шетелдік туристерден заңсыз алған ақшаны қайтарып берді.

Такси
Фото: Pixabay

Астана, NEGE. Полиция өкілдерінің хабарлауынша, жүргізуші Үндістанның екі азаматын Алматы әуежайынан қаланың жоғарғы бөлігіне дейін жеткізгені үшін жолақы ретінде 150 доллар (72 970 теңге) талап еткен. Жолақы сомасымен келіспеген туристер полицияға жүгінген.

Полицейлер жүргізушінің жеке басын жедел анықтап, заңсыз алынған қаражатты шетелдіктерге толық көлемде қайтарып беруіне ықпал етті.

«Бұл дерек бойынша жүргізушіге қатысты әкімшілік материалдар жиналып, заңды шешім қабылдау үшін мамандандырылған ауданаралық әкімшілік құқықбұзушылықтар жөніндегі сотқа жолданады», – деп хабарлады қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Алматы қаласының полициясы қала қонақтарын алдап, заңсыз пайда табуға бағытталған әрекеттер заң аясында қатаң бағаланатынын ескертті.

Қазір оқып жатыр

Ақтөбе облысында екі жүзге жуық адам уланып қалған мейрамхана заңсыз жұмыс істеген

мейрамхана

Елордадағы LRT-ға Tarlan Astana атауы берілді

ЛРТ

Ерлан Қарин жаңа қызметке тағайындалды

Ерлан Қарин

Kaspi Gold енді Apple Pay-де

Kaspi