USD
USD
USD

Алматыда сүт безі обыры диагнозымен жиырмаға жуық ер адам есепте тұр – онколог

Алматыдан жиырмаға жуық ер адамнан сүт безі обыры анықталған. Бұл жөнінде 1 қазан күні Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Алматы онкологиялық орталығының консультациялық-диагностикалық бөлімінің меңгерушісі Ақбота Әділова мәлімдеді. 

Дәрігер мен науқас
Фото: magnific.com

Астана, NEGE. Оның айтуынша, сүт безі обыры жас талғамайды әрі ауру ер адамдар арасында да кездеседі.

«Қазір Алматы онкологиялық орталығында осы диагнозбен жиырмаға жуық ер адам есепте тұр. Әрине, ерлер арасында бұл ауру сирек кездеседі. Дегенмен, өкінішке қарай, ер адамдар да қауіп тобында», – деді дәрігер.

Дәрігерлердің айтуынша, биыл сегіз айда Алматыда сүт безі обырының 659 жағдайы анықталған. Оның ішінде бес әйелден аурудың нөлінші сатысы, 305 әйелден бірінші, 312 науқастан екінші, 20 әйелден үшінші және 17 науқастан төртінші сатысы анықталды.

«Көп жағдайда сүт безі обыры екінші сатыда анықталып отыр», – деді онколог-маммолог дәрігер Балзия Қалымбетова.

Дәрігерлер аурудың жыл сайын жасарып келе жатқанын айтады. Алматыда сүт безі обыры анықталған ең жас науқас 21 жаста болса, ең қарт пациент 93 жаста болған. 

Бұл ретте Алматы онкологиялық орталығының бөлім меңгерушісі Ақерке Оразбаева 2008 жылдан бері Қазақстанда ұлттық скрининг бағдарламасы жұмыс істейтінін еске салып өтті. Оның айтуынша, 40 жас пен 76 жас аралығындағы әйел адамдар МӘМС жүйесінде сақтандырылмаса да екі жылда бір рет тегін маммографиялық тексеруден өте алады.

Қазір оқып жатыр

Қыркүйекте Қазақстанда жылдық инфляция 9,3%-ға дейін төмендеді

Тиындар

Мүмкін азайтармыз. ТШО акционерлері НЕГЕ Қазақстанмен саудаласып көрмек?

ТШО

Блогер Ерболат Жанабылов әйелімен ұрысқаннан кейін ұсталды

Ерболат Жанабылов, Эльмира Төлегенова

40 млрд теңге және 2 млн-дай бір реттік доза: Қарағанды облысында ірі есірткі зертханасының жұмысы тоқтатылды

Есірткі зертханасы