USD
USD
USD

Алматыда шыны ыдыс өндіретін зауыт ашылады

Алматының индустриялық аймағында аумағы 6,4 мың шаршы метр болатын заманауи кәсіпорын іске қосылады.

Алматы шыны зауыты
Фото: gov.kz

Алматы, NEGE. Зауыт жылына 21,6 мың тоннадан астам шыны ыдыс шығара алады. 58 жаңа жұмыс орнын ашу жоспарланып отыр, ал техникалық іске қосу 2025 жылдың қыркүйегіне белгіленген.

Қаржыландыру «Almaty Business - 2025» бағдарламасы аясында «Almaty Finance» ЖШС қолдауымен жүзеге асқан. Жобаның жалпы инвестиция көлемі 500 млн теңге, оның 300 млн-ы жабдық алуға және іске қосуға, ал 200 млн-ы айналым қаражатына жұмсалады.

Жоба айналым экономикасын дамытуға және экологиялық тұрақтылықты қамтамасыз етуге ықпал етеді. Зауыт шыны қалдықтарын қайта өңдеп, қалдықты азайтып, қоршаған ортаны қорғайды.

Кәсіпорын Қазақстанның ішкі нарығын толықтай шыны ыдыспен қамтамасыз етіп, Ресей мен Өзбекстаннан импортқа тәуелділікті азайтады.

Қазіргі таңда елде тек үш шыны зауыты жұмыс істейді, олар сұраныстың жартысын ғана өтейді.

Қазір оқып жатыр

Айдос Мырзахметов қорғаныс министрі болып тағайындалды

Айдос Мырзахметов

Қорғаныс министрі Дәурен Қосанов қызметінен алынды

Қосанов

Тоқаев Қорғаныс министрлігін тексеретін арнайы комиссия құрды

Ақтаудағы сарбаз өлімі

Бурабайда шетелдік ғалымдар Өр Алтайдың түркі өркениетіндегі тарихи рөлін талқылады

.