USD
USD
USD

Алматыда шетелдіктерге қарақшылық шабуыл жасаған күдіктілер ұсталды

Жаңа жыл қарсаңында Сингапур азаматтарына қарақшылық шабуыл жасалды. Алматы полициясы бұл қылмыстың бетін ашты, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Шетелдіктерге қарақшылық шабуыл
Фото: Фото: Polisia.kz

Алматы, NEGE. Белгісіз бес адам шетелдіктердің жалдамалы үйіне басып кіріп, оларды қарумен қорқытып, жиған-тергендерін беруді талап еткен. Қылмыскерлердің олжасы 3 миллион теңге және 13 мың доллардан асады.

– Бұл қылмысты ашу үшін арнайы жедел-тергеу тобы құрылды. Шабуыл жасағандар анықталып, ұсталды. Бұл – 1999, 2001, 2003 жылы туған Алматы облысының бес тұрғыны. Қылмыстың негізгі ұйымдастырушысы Т.есімді азамат бұрын қарақшылық шабуыл жасағаны үшін сотталған. Айтпақшы, ол зардап шеккендермен жұмыс істеген, олардың табысы туралы біледі. Қылмыстық оқиғаның хронологиясын және барлық дайындық процесін жылдам қалпына келтіруге мүмкіндік туды. Бұл ретте бейнебақылау жүйелері маңызды рөл атқарды. Айғақты заттар, оның ішінде екі ойыншық тапанша тәркіленді, – деді Алматы қалалық полиция департаменті бастығының орынбасары Дидар Аханов.

Күдіктілер ПД-ның уақытша ұстау изоляторына қамалды. Шетел азаматтары полицияның кәсіби жұмысын ерекше атап өтті.

Қазір оқып жатыр

«Қазақ еліне +1 миллиардер»: Алекс Машрабов Қазақстан азаматтығын алды

Мәдиев, Машрабов

«20 млн теңге ұсынды»: Павлодарда қаза болған кәсіпкердің анасы тергеудің әділ жүргізілуін талап етеді

Икрам Нұрмашов

Көктасжал кен орнына кім иелік еткен? Altyndara дауға жауап берді

Кен өндірісі

Инвестицияның орнына 25 пайызбен $21 млн несие: Манка алтын кен орны төңірегінде дау шықты

Йылдырым