USD
USD
USD

Алматыда шетел азаматы жолаушыларды заңсыз тасымалдаған

Танымал ресурсқа тіркеліп алып, жолаушы тасымалымен айналысқан 30 жастағы шетелдік азаматтың басқаруындағы Toyota автокөлігі тоқтатылды.

Полиция
Фото: Полиция

Алматы, NEGE. Оның адам тасымалдауға құқығы болмаған. Шетел азаматына қатысты ҚР ӘҚбтК-нің 517-бабы 5 бөлігіне сәйкес әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама толтырылды.

Іс материалдары шешім қабылдау үшін сотқа жіберілді.

Көлік мамандандырылған айыппұл тұрағына қойылды.

Алматыда «Такси жүргізуші — заңсыз келуші» іс-шарасы аяқталды. Бес күн ішінде барлығы 190 шетелдік әкімшілік жауапкершілікке тартылса, оның 136-сы жеке тасымалдаумен заңсыз айналысқан. Жеке басын куәландыратын құжаттарының болмауына байланысты 85 шетел азаматы ПД-нің қабылдап-таратуына орналастырылды.

Шетелдік жұмыс күшін тарту ережелерін бұзған 12 жұмыс беруші әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

ҚР-ның көші-қон заңнамасын бұзғаны үшін 79 шетелдік елден шығарылды.

Қазір оқып жатыр

12,6 млн сайлаушы және қолжетімді тізімдер: ДИАҚБ сайлау рәсімдеріне баға берді

ЕҚЫҰ ДИАҚБ

Қазақстанда автосақтандыру құны жүргізушінің жүргізу стилі мен айыппұлына қарай есептелмек

жүргізуші

«Медеу» аумағында көлік иелері автотұраққа тәулігіне 12 мың теңге төлеуге мәжбүр болған

автотұрақ

Ертісбаев бұдан былай елдің ішкі саясатымен айналыспайтынын мәлімдеді

Ермұхамет Ертісбаев