USD
USD
USD

Алматыда ішек инфекциясымен ауруханаға түскен РФММ оқушылары үйіне шығарылды

Алматыда ішек инфекциясына байланысты ауруханаға түскен республикалық физика-математика мектебінің барлық 58 оқушысы ауруханадан шығарылды. 

Алматыдағы республикалық физика-математика мектебі
Фото: almaty.fizmat.kz

Астана, NEGE. Бұл жөнінде қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы хабарлады.

«Дәрігерлер оларға қажетті медициналық көмек көрсетіп, клиникалық хаттамаларға сәйкес ем жүргізді», – делінген ведомство хабарламасында.

Еске салсақ, Алматыдағы республикалық физика-математика мектебінің оқушылары ауруханаға 12 қазаннан бастап түскен.

Балалар жедел ішек инфекциясының белгілерімен ауруханаға түскеннен кейін мамандар «Master Food» ЖШС-ның тамақтану блогын тексеріп, онда азық-түлік өнімдерін сақтау, дайын тағамдардың тәуліктік сынамаларын алу және тамақтандыруды ұйымдастыру талаптарының бұзылғанын анықтаған.

Тексеру қорытындысы бойынша мектеп пен асхана қызметін тоқтата тұруды, жекелеген тағамдарды сатуға тыйым салуды, уақытша санитариялық шектеу шараларын енгізуді және қажетті ілеспе құжаттары жоқ сүт өнімдерін тәркілеуді көздейтін бес қаулы шығарылды.

Қазір оқып жатыр

Отбасы банк ипотека рәсімдеу комиссиясын 1 млн теңгеге дейін көтереді

Отбасы банк

Мұнайға инвестиция салмақ болған ақтөбелік бойжеткен 4,3 млн теңгесінен айырылған

Алаяқтық

Kaspi.kz медициналық ұйымға тіркелу қызметін іске қосты

Kaspi.kz

Құны 1,5 млрд теңге болатын алтын Қазақстаннан шетелге мыс кені ретінде заңсыз шығарылған

ҚМА