USD
USD
USD

Алматыда Рамазан айында қандай шаралар ұйымдастырылады?

Алматыда Рамазан айындағы іс-шаралар жоспары бекітілді.

Алматы мешіт
Фото: 2gis

Алматы, NEGE. Бұл туралы Алматы қаласының бас имамы Төлеби Оспан мәлімдеді.

Биыл қаладағы 54 мешіттің 50-де тарауих намазы оқылады. Алматы орталық мешітінде күн сайын 500 адамға арналған үлкен ауызашар ұйымдастырылатын "Рамазан шатыры" орнатылады. Ауызашарлар қаладағы басқа мешіттерде де өтеді. ҚМДБ ресми түрде биылғы жылды "Ислам және салт-дәстүр құндылығы" жылы деп жариялағандықтан, қасиетті айда қазақы салт-дәстүрге сай іс-шаралар өткізілмек.

"Ораза айы Наурыз мейрамымен тұспа-тұс келгендіктен, кешкі ас кезінде мешіт қонақтарына наурыз көже мен бауырсақ тағамдары ұсынылады. Ауызашар өтетін орындар қазақтың ою-өрнектерімен безендіріліп, "Жарапазан" айтылады", - деді Төлеби Оспан.

Қазір оқып жатыр

Әнші NAVAI екі айға қамауға алынды

NAVAI

19 шетелдік Қазақстан аумағына жалған құжатпен кірмек болған

Шекара қызметкері

Маңғыстауда аурухананың бас есепшісі 32 млн теңге жымқырғаны үшін 7 жылға сотталды

Сот балғасы

Отбасы банк 15 қазаннан бастап алты ай күтпестен баспана алудың жаңа тетігін іске қосады

Отбасы банк