Алматыда психиатриялық ауруханадан қашып кеткен үш науқас іздестіріліп жатыр

Алматыда психикалық ауытқуы бар үш ер адамға іздеу жарияланды. Олардың бірі – полиция басқармасынан, қалған екеуі – психикалық денсаулық орталығынан қашып кеткен.
Алматы, NEGE. Олардың екеуі психикалық денсаулық орталығынан, үшіншісі – полиция басқармасынан қашып кеткен. Денис Антипин мен Павел Лавров маусым айының басынан бері іздеуде. Ал Елисей Балакин биыл 25 мамырдан бастап жоғалып кеткен.
Іздеуде жүрген науқастың бірі – Антипин Денис Сергеевич 1991 жылы 7 қыркүйекте туған. 2025 жылғы 31 мамыр күні сағат 17:10 шамасында Бостандық ауданындағы Кекілбайұлы көшесі, 117а мекенжайындағы Психикалық денсаулық орталығынан қашып кеткен. Бойы – 180 см, дене бітімі – орташа, шашы – қара қоңыр, көзі – қоңыр, сол көзінің астында қал бар. Үстінде ақ футболка, қара шорты және ашық түсті шәркей болған. Психикалық аурумен ауырады. Лавров Павел Павлович, 1992 жылы 16 қыркүйекте туған. Ол да 31 мамыр сағат 17:10 шамасында Бостандық ауданындағы Кекілбайұлы көшесі, 117а мекенжайындағы Психикалық денсаулық орталығынан қашқан. Бойы – 157 см, дене бітімі – орташа, шашы – қара, қолында тыртықтар бар, көзі – қоңыр. Үстінде қара футболка, қара шорты және қара шәркей болған. Психикалық дертке шалдыққан.
Балакин Елисей Борисович 25 мамырда Медеу аудандық полиция басқармасынан белгісіз бағытқа кетіп қалған. Ол 1999 жылы 1 маусымда туған. Бойы – 176 см, дене бітімі – арықша, шашы – қара қоңыр, көзі – қоңыр. Үстінде кеудесінде жазуы бар қара футболка, қара трико және қара кроссовки болған. Ол психикалық ауытқумен қатар дезориентация жағдайында болған.