USD
USD
USD

«Алматыда прокурордың ұлы ірі жол апатын жасады»: қалалық полиция мән-жайды тексеруде

11 қыркүйекте Үлкен Алматы айналма жолында бірнеше көлік қатысқан жол-көлік оқиғасы болды. Желіде тараған ақпаратқа сәйкес, жол апатына Жетісу облысы прокуроры орынбасарының ұлы кінәлі болуы мүмкін.

Жол-көлік оқиғасы
Фото: Depositphotos.com

Астана, NEGE. Threads желісінде жарияланған ақпаратта жол-көлік оқиғасы салдарынан үш адам ауруханаға түскені айтылған.

«Алматыда Жетісу облысы прокурорының орынбасары Ілияс Бескемпіровтің ұлы Үлкен Алматы айналма жолында қатты жылдамдықпен төрт көлікті соқты», – дейді жазба авторы.

Сондай-ақ жазбада кінәліні жазадан құтқарып қалу әрекеттері жасалып жатқаны айтылған.

«Зардап шеккендерге хаттаманы бермей отыр, ал прокурордың ұлының адвокаттары адамдардың артынан жүгіріп, медиация арқылы ақша ұсынып, істі жылы жауып қоюға тырысып жатыр», – делінген желідегі жазбада.

Алайда бұл мәліметтер әзірге ресми түрде расталған жоқ.

Қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі жол апаты дерегін растап, қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайы анықтау үшін тексеру жүргізіліп жатқанын хабарлады.

«Тексеру қорытындысы бойынша барлық қатысушылардың әрекетіне құқықтық баға беріледі. Кінәлі тұлғалардың мәртебесіне, лауазымына және әлеуметтік жағдайына қарамастан, барлығы "Заң мен тәртіп" қағидаты негізінде заңда көзделген жауапкершілікке тартылады», – деді ведомствоның баспасөз қызметі.

Еске салсақ, бұған дейін Астана – Павлодар тасжолында болған жол апатына қатысты Арыс қаласының әкімі Қайсар Маңқараевтың ұлының үстінен қозғалған қылмыстық іс не себепті тоқтатылғанын жазған едік.

 

Қазір оқып жатыр

Жеңіл атлетика федерациясы Ясмина Тоқсанбаеваға қатысты шешімге шағым түсірді

Ясмина Тоқсанбаева

АҚШ-қа тікелей рейс: FAA Қазақстандағы ұшу қауіпсіздігін бағалау жұмысын аяқтады

FAA сарапшылары отырысы

Тоқаев Елена Рыбакинамен кездесті

Елена Рыбакина

«Креслосыз» қалған Әшімбаев: саясаткердің ықпалы әлсіреді ме?

Мәулен Әшімбаев